Мы в Telegram
Добавить новость
Все города России от А до Я
Россия24.proнепрерывные новости из регионов России 24/7 на русском + новости Москвы и Подмосковья от Moscow.Media и мировые новости от RU24.pro и партнёров в календарном формате (вчера, сегодня и сейчас) совместно с 123ru.net и платформой СМИ24.net по технологии 103 NEWS

Тасқынға және оның салдарына қалай дайындалу керек? І бөлім

Vlast.kz
13

Тасқынға және оның салдарына қалай дайындалу керек? І бөлім

Жүз мыңнан астам адамды эвакуациялауға себеп болған көктемгі тасқын біраз жүйелі мәселенің бетін ашты. Тасыған судан ғимараттар мен инфрақұрылым бүлініп қана қоймай, ол адам денсаулығына, мектеп біліміне, биоалуандық мәселесіне және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянын тигізді.

Біз түрлі саланың мамандарынан дәл қазір не істеу керек, болашақта қандай өзгерістер енгізу қажет, осындай қатерге дер кезінде әрекет ету үшін қандай мамандар жетіспейді деп сұрадық. Бұл материалда гидрология мен гидротехника, су қауіпсіздігі мамандары мен зоологтардың жауабын келтіреміз.

Табиғат катаклизмдеріне дайын болу – түрлі мамандар арасындағы проблема. Тасқыннан келген залалды бағалауға бүлінген үйден бастап инфекциялық ауруға шалдығу мен мектептегі оқуды онлайнға ауыстыруға дейінгі әртүрлі жағдай кіруге тиіс. Мұның салдары қаншалықты ауқымды екенін бағалау үшін сарапшылардан өзінің жұмыс бағытына қатысты үш сұраққа жауап беруді өтіндік:

1. Өз құзыретіңіздің аясында дәл қазір не істеу керек?

2. Алдағы уақытта осындай қатерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

3. Табиғат катаклизмдеріне дер кезінде әрекет етуге сіздің салаңызда қандай мамандар жетіспейді?

Сауалнамамыздың бірінші бөлігінде гидрология және гидротехника, биоалуандық және қоршаған орта мамандарына баса назар аудардық.

Гидрология және гидротехника

Рената Садртдинова, су басу қатері бойынша инженер, Arup, Ирландия

1. Дәл қазір не істеу керек?

Қазір ең маңызды нәрсе – уақыт. Біріншіден, келе жатқан тасқын туралы халыққа тез хабарлау керек. Тасқын болған екі апта уақытта су басқан аймақта қалу қаншалықты қауіпті екенін бәрі түсінген шығар. 

Екіншіден, қолдан жасалған қорғану жүйелерін дайындау керек. Бұған суды ұстау аймағына бұру үшін арық қазуды қосуға болады. Яғни, жердің қалыпты деңгейінен төмен орналасқан ашық аумақ деген сөз, су сондай жерге жиналады. Бұл халықаралық практикада бар, өткен ғасырда осындай аумақтар қала жобалауда есепке алынатын. Өкінішке қарай, осындай су жиналатын аймақтарға қазір құрылыс салып тастаған. 

Сондай-ақ су ағынын тоқтатпаса да, бәсеңдету үшін қолдан үйген топырақ пен қапшықтан көтерген бөгет те керек. Су ағынына және құрылыс сапасына қарай бөгеттерді су шайып кетуі мүмкін, бұған да дайын болу керек. Судың үйге жетуіне жол бермеу маңызды. Ойпатта орналасқан, суға жақын үйлерге келер қатер көп. Тасқынмен күресуге 7 миллиард теңге бөлінді, бұл қаржы осындай дайындыққа жұмсалуға тиіс. Суға кетушілерді құтқаруды олардың өзіне жүктемеу керек. 

2. Алдағы уақытта осындай қатерлерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Біріншіден, су басу қаупі бар аймақтарға құрылыс жүргізуге рұқсат беруді доғару керек. Құрылыс болуы мүмкін жерді таңдағанда су басу қаупін бағалау – кез келген жобаны дайындаудың міндетті бөлігі, бірақ бұл Қазақстанда жиі ескерілмейді. Зардап шеккендерге арналған жаңа үйлер бұрынғы аумаққа салынбайды деп үміттенемін.

Екіншіден, су басудан қорғау жөніндегі дағдарыс бағдарламасына мемлекеттен бюджет бөлу (flood relief schemes). Қазақстанда бұған ұқсас ешбір кешенді бағдарлама жоқ, тек бір бағытқа арналған әрекеттер бар, бірақ олардың әсері аз. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында су тасқыны кейінгі 15 жылда жиі болды, климат өзгерісіне байланысты болашақта да бола бермек. Қорғану жүйесін көрші аумақты су басып, дамбы әрең шыдап тұрғанда бастамай, алдын ала дайындаудың маңызы зор.

Үшіншіден, мәліметтер. Қазақстандағы қазіргі ахуалға қарап су басу моделі мен картасы алдын ала әзірленбегенін көріп отырмыз. Біз тасқын қалай таралатынын, қай аймаққа келер қатер жоғары екенін алдын ала білуіміз керек, өйткені су қалай таситыны әр аумақ пен өңірде әртүрлі. Бізге тасқыннан қорғауға тартылған адамдар мен халыққа визуал және карта (flood risk maps) керек. Гидравликалық модель мен навигация жүйесі бойынша маман жетіспегендіктен осындай жағдай болып отыр деп шамалаймын.  

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Әріптестерімнің бәрінде дерлік Civil Engineering (Азаматтық құрылыс) мамандығы бар деуге болады. Жыл сайын Қазақстанда осы мамандық бойынша жүздеген студент оқу бітіреді. Барлық университеттің атынан айта алмаймын, бірақ бізде, Назарбаев Университетінде гидроинженериямен байланысты курстар болды. Сондықтан құрылыста немесе гидрологияда дәрежесі бар түлектер су басу саласындағы жұмыстарға сай келеді. Ендеше, бізде қалайша кадр жетіспейді? Менің ойымша, көп түлек үш басты проблемаға ұрынады. Бірінші – су басу немесе гидроинженерия саласында жұмыс орындарының жетіспеуі. Өзім жұмыс іздегенде осындай жағдайға ұрынғанмын. Екінші – ІТ-мен салыстырғанда айлық аз. Көбінесе осы салаға ауысып кетіп жатыр. Үшінші – бұрыннан келе жатқан білікті мамандардан айырылып жатырмыз, олар тәжірибесін жас буынға беріп кетер еді.

Қарлығаш Жасталапова, конструктор-гидротехник.

Сәулет-құрылыс тобының жетекшісі, гидротехникалық құрылыс саласының магистрі, Ресей Федерациясында су тоғандары мен жаға бекітпелерін жобалауға және салуға қатысқан маман

1. Дәл қазір не істеу керек?

Осындай көлемі ауқымды суды бұру мәселесі республикалық деңгейде қаралуы керек, бірақ қазір әр аймақ өз бетімен және нақты бір бағдарсыз әрекет етіп жатыр. Алдымен келе жатқан судың көлемін есептеп, былайша айтқанда, Оралдан қанша суды бұра аламыз, Атырау облысына қанша суды жіберу керек дегендей, суды бұру шараларын қабылдау керек еді және жергілікті жер бедеріне қарай суды бөлу кестесін құру қажет еді. Қазіргі кезде қолда бар бір мәлімет – ТЖМ берген су басу болжамы және су деңгейінің көтерілу болжамы.

Жағаны уақытша бекітумен әкімдіктің топ-менеджерлері емес, құрылысшылар айналысуын ұйымдастыру керек еді. Гидротехниктерді шақырып, Google Earth Pro бағдарламасында өзен сағасын әр учаске бойынша профильдерге бөліп, өзен сағасының ені жеткілікті ме, әлде оны кеңейту керек пе, соны анықтау керек. Сосын әр учаскеге уақытша бекіту типін анықтап, сызбасын жасап, орындаушыларға (еріктілерге) бөліп беру керек, әрі қарай жұмыстың атқарылуын бақылау қажет.

Суды Каспий теңізіне тезірек ағызып жіберу үшін Жайық бойында, қауіпті жерлерде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу керек.

Жаңа арна қазуға келсек, құрылысшы ретінде ТЖ кезінде мұндай жан-жақты ойластырылмаған шешімдерге қарсымын.

Магистраль арналар экологиялық мемлекеттік жалпы құрылыс сараптамасынан өткен, билік органдары мақұлдаған және бекіткен жобаның негізінде қазылады. Арна құрылысы үшін гидравликалық модель жасалады, су шығыны, су ағыны есептеледі, трасса жолы нақтыланады, әр учаскенің еңістігі, арна қиябетінің материалдары анықталады, арнаның өзенмен түйісу торабы ойластырылады, суды арнаға бұру бойынша басқа да шаралар жасалады. Сондықтан ТЖ кезінде биліктің мұндай шешімін қылмыс деп есептеймін. Осындай жан-жақты ойластырылмаған құрылыс болашақта үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Жалғыз дұрыс шешім – кеңестік заманда салынған, бұрыннан бар арналарды тазарту. Аға буынның тәжірибесіне сенім арту.

Су басқан жағдайда адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жоспарын әзірлеу керек, осы жоспар мен басқа да нұсқаулықтар ашық жарияланып, тиісті ведомстволардың сайтында тұруға тиіс.

Қазір біз осы жұмыстардың ешқайсы ұйымдастырылмағанын көріп отырмыз, әсіресе Атырау облысында. Өкінішке қарай, билік халықпен ешқандай диалог жүргізіп отырған жоқ.

2. Алдағы уақытта осындай қатерлерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Біріншіден, жаға бойына қандай да бір ғимараттар мен құрылыс салу бойынша нормативтік мемлекеттік талаптарды бекіту қажет. Сол талаптарды қатаң сақтау керек, қазір Атырау қаласының өзінде жағалау бойына салынған заңсыз құрылыстың көп екенін көріп отырмыз.

Жаға бекіту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Жаға бекіту ең нашар сценарийге, яғни дарияның тарихындағы су ең көп көтерілген деңгейге (біз бұны 1% су деңгейі деп атаймыз), ал ірі дария болса, желбөгет толқынның биіктігіне лайықталып жобаланады.

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Өз тәжірибеме және достарымның тәжірибесіне сүйеніп айтарым, Қазақстаннан мамандар көптеп кетіп жатыр. Аймақтарда мамандарға жұмыс жоқ, болмаса оларға жұмыс табу қиын, олар мемлекетке керек емес, сондықтан жас мамандардың көбі елден кетіп жатыр. 

Білікті мамандардың жетіспеуіне келсек, кәсіби білім беру жүйесінде үлкен олқылық бар екенін айту қажет, атап айтқанда, кафедралардың жабылуы және тарауы. Оның үстіне университеттерде академиялық сағаттар кәсіби пәндерді терең үйренуге емес, қосалқы пәндерді үйренуге жұмсалады. Мысалы, құрылыс кафедрасындағы студенттер ағылшын тілін аптасына үш академиялық сағат оқиды, ал материалдар кедергісі аптасына бір рет қана өтеді. Сондықтан да ағылшынды жақсы білетін, бірақ негізгі пәндерді білмейтін мамандарды шығарамыз.

Нұрлан Оңдас, инженер-гидролог. 

Су объектілерінің су жинау бассейндерін модельдеуге және су басу, бөгетті жарып өту, тағы басқа гидравликалық модельдеуге маманданған. Германияда су басу қатерін басқару бойынша жобаларға модельдеу жағынан қатысады. Қазақстан бассейндерін зерттейді.

1. Дәл қазір не істеу керек?

Қазіргі сәтте су басу қатерін басқару жұмыстарын (flood risk management) толықтай атқаруға уақыт жетпейді деп ойлаймын. Өйткені ол үшін осы қатердің ықтималдығын анықтап, қажетті шаралар кешенін жоспарлау керек, ал оған уақыт керек. Мысалы, Германияда қажетті шараларды уақытында атқару үшін су жинау бассейндеріндегі өзгерістер ескеріліп, әр үш жыл сайын осындай анализ жаңарып отырады. Бұл ЕО елдері су басу қатерін бағалап отыруға міндетті екенімен де байланысты. Ал Қазақстанда күштің бәрі қазір адам шығынын болдырмауға және кері салдарды азайтуға жұмсалып жатыр.

2. Алдағы уақытта осындай қатерлерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Келесі тасқындарға дайындық мемлекет деңгейіндегі үлкен шаралар кешенінен немесе үлкен бағдарлама/стратегиядан тұруға тиіс. Бұл бағдарлама/жүйе/стратегия бәрін қамтуы керек – кадрлар әлеуетін көбейту/дамыту (студенттер жаңа технологиялар мен әдістерді үйренуі үшін), құрылыс нормаларын және елді мекендерді дамыту бағдарламаларын қайта қарау, яғни өзен жайылмасына құрылыс салуға болмайды, өйткені бұл аумақтар әрдайым қауіпті болады, ерте болжау жүйелерін (flood early warning system) және әр бассейн үшін flood risk management бойынша бағдарламаларын әзірлеу. Барлық бастаманы ғылыми қолдау, Қазгидрометтің материалдық-техникалық жарақтануын жетілдіру, сақтандыру жүйесін, т.б. дамыту қажет. 

Бізге ерте ме, кеш пе, мұндай тасқын болашақта да қайталанатынын түсіну керек. Сондықтан болашақта кері салдарына жол бермеу немесе мейлінше азайту үшін, биылдан бастап тасқынның алдын алатын және қауіпті факторларды анықтайтын қолданыстағы жүйемізге әр бассейн бойынша толық талдау жүргізу керек. Еліміздегі климаттық және гидрологиялық жағдайлар жыл ішінде және жылдар арасында су ресурстарын әркелкі бөлуге әкеліп отыр. Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін тасқынды да, қуаңшылықты да игере білуіміз керек. 

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Су саласында мамандар дайындау жүйесі және ғылыми зерттеулер өзге елдерден артта қалған. Бұл машық пен білім деңгейіне тікелей әсер етіп, саланың дамуын да шектейді. Кейбір біліктілікті университетте оқу міндетті емес. Қызметтегі кадрлардың білімін үнемі жаңартып отыру, түрлі техологияларды, мәліметтер базасы мен әдістерін үйрету маңызды.

Вадим Япиев, гидроэколог ғалым

1. Дәл қазір не істеу керек?

Қазір, әрине, адамдарды құтқару керек, шығынды азайту керек. Сондай-ақ осы тасқынның себептерін талдап, осындай салдарға әкелуге не себеп болғанын түсіну керек.

2. Алдағы уақытта осындай қатерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Осы жолы бүліну ауқымы өте үлкен. Бұған әсер еткен факторлардың бірі климаттың өзгеруі болса, екіншісі – адами фактор, соның ішінде су басатын аумақтардың бойындағы су қорғау аймақтарын сақтамау. Жүйелі өзгеріс екі аспектіні қамтуы керек: инфрақұрылым және басқару мәселесі. Су басу, қуаңшылық секілді климаттық шокқа төтеп беруге қауқарлы климатқа бейімделген инфрақұрылымды құру үшін талдау жүргізу қажет. Су инфрақұрылымында бұл – су қоймасы, арналар, табиғи шешімдерге негізделген (nature-based solutions) «жасыл» инфрақұрылымы бар дренаж жүйесі: бұған, мысалы, көп суды ұстап қалу және сақтау үшін су-батпақ алқаптарын, өзен жайылмасын, көлдерді, жерасты жазығын пайдалануға болады. Мұндай инфрақұрылым, бір жағынан, су тасу, екінші жағынан, қуаңшылық секілді жағдайларға бейімделе алар еді. «Табиғи» технологияларды дәстүрлі амалдармен үйлестіру керек.

Адамдар осының бәрін өз мекенінде қолдана алуы үшін, мұндай құрылыстарды, жалпы су ресурстарын басқару дұрыс бөлінуі керек, бұл процестердің икемді, күйзеліске төзімді (resilience) және қауқарлы болуын қамтамасыз етеді.

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Зерттеу жұмысына келсек, Қазақстанның бассейндерін зерттеу бойынша кешенді ғылыми бағдарламаларды қолдау керек, оған су балансын зерттеу және модельдеу, жерүсті және жерасты суларын, атмосфералық процестерді ескере отырып бассейндер гидрологиясын жүйелі түрде зерттеу кіреді. Бұл үлкен жұмысты маңызды емес зерттеулерге ресурс жұмсай бермей, мейлінше ерте бастаған жөн. Оң мысал ретінде Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының жұмысын айтуға болады. Қазақстанның оңтүстігінде мұздық көлдердің бұзып шығуына қатысты проблема бар, бұл да климат өзгерісінің салдары. Орталық гляциологтар жоғары деңгейде зерттеу жүргізіп, мұздық көлдердің бұзып шығуынан болатын тасқынды, селді ескертумен айналысатын халықаралық жобаларға қатысады, осындай құбылыстарға мониторинг жүргізу және ескерту тұрғысында төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз жұмыс істейді. 

Иван Раделюк, PhD, зерттеуші-ғалым.

Торайғыров университеті (Павлодар), тұрақты су пайдалану және қоршаған орта объектілерінің химиясы саласының маманы

1. Дәл қазір не істеу керек?

Біздің басты проблемамыз – «болған өртті сөндіру», сондықтан маңызды міндет – адамдарды эвакуациялау және құтқару. Сонымен қатар, мал өлігін қазір жоюды қолға алу керек және мал жайылатын жерлерде болашақта ветеринарлық эпидқадағалауды күшейту, экожүйеге беретін әсерді бағалау керек. Оның үстіне алдағы су күйзелісі мен жаз мезгіліндегі ықтимал қуаңшылыққа дайындық тақырыбы даурыққан жаңалықтар тізбегінің арасында елеусіз қалып жатыр. Дайындықты қазірден бастаған дұрыс, бұған сенімді әрі мейлінше нақты мәліметтер алу, сондай-ақ оларды білікті гидрологтардың сапалы түрде талдағаны негіз болуға тиіс.

2. Алдағы уақытта осындай қатерлерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Біздің мемлекеттің климат саясаты қазіргі кезде сөз жүзінде және жүйесіз болып отыр. 

Біз парник газ шығарындыларын азайту туралы декларацияға қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы елміз, бірақ үш жаңа көмір станциясын салмақпыз. Әлемге метан шығарындысын азайтуға қосыламыз деп жар саламыз, бірақ метан бізде жарты жыл бойы атқылап жатады. 

Демек, климаттың теріс әсерінің алдын алу әрекетінде нақтылық жоқ. Сондықтан маңызды зерттеулер мемлекеттен қажет қаржы ала алмайды, өйткені олардың маңызы жайында қаражат бөлумен айналысатын шенеуніктер ойлай бермейді. Тасқын туралы айтсақ, барлық гидротехникалық құрылысты бағалап шығу керек. Инфрақұрылым жыл сайын жамалып жатса да, күрделі жөнделмейді. Сондай-ақ алдағы климат өзгерістері туралы жетекші ғалымдардың мейлінше жіктелген болжамы керек. Ал бұл ғылым саласындағы жүйелі мемлекеттік саясатсыз және климатты күн тәртібіне шығармай мүмкін емес.

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Бір жағынан, мамандар бар, Данара Әлімбаева бастаған «Қазгидромет» бар, олар тасқын туралы әкімдіктерге желтоқсанда-ақ ескерткен еді. Басқармада сол ақпаратты пайдалануға тиіс кадр жетіспегендіктен, олардың дауысы жетпеген де шығар. Кадр тапшылығы бар, болжам жасау туралы ең озық машығы мен білімі бар Жоғарғы мектеп мамандары да (гидрология мен метеорологиядағы ғылыми қызметкерлер), осы гидротехникалық құрылыстарды күтіп-баптайтын адамдар да жетіспейді. Өткен қыркүйекте гидротехника мамандығына қабылдау пайызы барлық (!) мамандық арасынан ең төмен болды. Сонымен қатар жоғарғы мемлекеттік аппаратта саланы түсінетін білікті адамдар жетпейді.

Петропавл тұрғындары су басқан үйіне қарап тұр, тасқынның екінші толқыны болады деген қатерге байланысты оларды жақын жібермей тұр

Биоалуандық және қоршаған орта

Алёна Кошкина, Илья Смелянский, дала экожүйелерінің табиғат қорғау экологиясымен айналысатын ҚБСА ғылыми қызметкерлері

1. Өз құзыреттеріңіз аясында дәл қазір не істеу керек деп ойлайсыздар?

Су басу ауқымын және жер бедеріне таралуын бағалау керек. Мұны су басқан аймақтарды спутниктен түсіру арқылы жасауға болады. Бұндай түсірілімдердің шынайы уақытқа жақын режимде үнемі жаңарып отыратын сериясы қажет. Жер бедеріне таралуын көрмей экожүйеге салдарын бағалауға болмайды. Төтенше жағдайлар министрлігінде, басқа да мемлекеттік қызметтерде мұндай мүмкіндік бар шығар, тасқын туралы мейлінше толық ақпаратқа қызыққан адамдардың бәрі қол жеткізе алса жақсы болар еді. Мысалы, бір ашық порталға салып қойса.

Қазгидрометтің хабарлауынша, жойқын тасқынға ұрынған аймақтардың көп бөлігінде әлі де жердің тоңы жібімеген. Бұл су басудың басты себебін түсінуге көмектеседі.

 Себебі осы қыста қардың көп болуы емес, керісінше, қыстың басында қардың жеткіліксіз мөлшерде жаууы аса үлкен рөл ойнады. Сол кезде қатты аяз Қазақстанның солтүстік аумағының көп бөлігінде жердің терең әрі қатты қатуына алып келді.

Көктемде қар ери бастағанда (сонымен қатар күннің тез жылуы да әсер етті) қатып қалған жер қар суын қажет мөлшерде сіңіре алмады. Артық су жыралар мен жылғалар арқылы өзендерге ақты да, ондаған жылдар бойы болмаған тым үлкен тасқынға әкеліп, өзен аңғарларын толтырып тастады.

Біз ахуалды зерттеген жоқпыз, әзірге тұспалдап қана айта аламыз. Егер болып жатқан нәрсенің бәрі біз айтқандай болып жатса, дала экожүйесі үшін салдары қалыптан тыс болмақ. Даладағы қазіргі шамадан тыс артық су бірнеше айдан кейін ылғалдың жетіспеуіне алып келеді. Қазір су басқан аумақтар жазға қажет ылғалды ала алмауы былай тұрсын, тіпті, қажет ылғал нормадан да аз болады (бірнеше есе аз болуы мүмкін), өйткені топыраққа сіңуге тиіс су өзендерге ағып кетті. Ал қатып жатқан тоң қабаты еріп, судың топыраққа тереңдеп сіңуіне жол ашқан кезде қажет мөлшердегі су қалмайды. Тіршіліктің жандануы да әдеттегіден кешірек басталатын шығар, өйткені тоң өсімдіктің өсуі мен дамуына кедергі болады.

Оның үстіне тасқынның экожүйеге кері әсері толық көлемде тиіп отыр: алдымен қарқынды түрде су тасыды, сосын мұздай судың күшті ағыны бірнеше күн бойы жүрді (жолындағының бәрін сыпырып, қоқыс пен мұз ақты), содан кейін су ұзақ тұрып алды. Нәтижесінде көп жануар мен өсімдік өлген болуы мүмкін немесе жақын арада өледі. Әсіресе өзен аңғарындағы қонысын су басқандықтан, кеміргіштер саны күрт азаюы мүмкін, бұл жыртқыштардың, өлексемен қоректенетіндер санының біртіндеп өзгеруіне әкеледі.

Ал жазда ылғал аз болғандықтан шөп жетілмей қалады, сәйкесінше, дала экожүйесіндегі қорек желісінің негізін құрайтын көптеген шөпқоректіге қорек жетпей қалуы мүмкін.  

Осы жаз дала суында тұрақты және уақытша тіршілік ететін жануарларға жақсы болады. Көлшіктер, жайылмалар, тоғандар мен сайлар әдеттегіден көп суға толады. Бірақ дернәсілі ағынсыз тайыз суда немесе су төңірегіндегі дымқыл топырақта мекендейтін масалар, соналар мен басқа да шыбын-шіркей саны күрт көбеюі мүмкін. Далада бұл қансорғыштардың басты құрбаны – тұяқтылар. 

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде жабайы тұяқтылар түрі екеу: киік пен елік. Бәрінен бұрын соларға қиын болады. Мал да зардап шегеді. Сонымен қатар тасқын сібір жарасы секілді қауіпті эпизоотия қоздырғыштары сақталған ескі мал қорымдарын шайып кетуі мүмкін. Бұл тағы бір қатер, әсіресе тұяқтыларға қауіпті. Ұмыт болған улы химикаттар мен басқа да зәрдің күресінін шайып кетуі мүмкін, мұндай қатер көп емес, бірақ бар.

Киікке қоректің тым ылғал болғаны да зиян екенін айта кету керек. Су беті қайтып, бірақ аумақ әлі кеппеген кезеңде киіктер инфекциядан емес, улану мен ас қорытудың бұзылуынан жаппай қырылуы мүмкін.

Киіктердің жаппай қырылуына дайын болу керек. Егер 2015 жылғы ахуал қайталанса, хаттама мен тез әрекет ету тобы дайын тұруы керек. 

2. Қирандыларды қалыпқа келтіру үшін және келесі тасқынға дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Илья мен Алена:

Тасқын соншалықты ауқымды болғанына не себеп әсер еткенін түсіну керек. Жауын-шашын мөлшері мен бөгеттердің жағдайы, әрине, маңызды. Бірақ бұл жерде әңгіме жауын-шашын мөлшерінің тым көп болғанына қатысты емес. Нақты себепке қарай салдары да, болашақта оның алдын алу шаралары да болады.

Қалай болғанда да, экожүйеге келетін салдарын бағалау үшін сапалы мониторинг қажет. Еліміздегі жануарлардың (және өсімдіктердің) көп түріне мониторинг жүргізілмейді.

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Тек біз қозғаған тақырып аясында экожүйелерді зерттеуге қабілетті, оларға мониторинг жүргізетін адамдар қажет. Олар – экологтар, зоологтар, ботаниктер, географтар (физикалық география мамандары) мен гидрологтар, жабайы жануарлардың ауруы бойынша мамандар. 

Айдын Есжанов, PhD, зоолог. 

Аса қатерлі зоонозды трансмиссиялық инфекцияларды тасушылар мен жұқтырушылар саласының маманы, «Зоология институты» РМК

1. Дәл қазір не істеу керек?

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарлардан білгенім, тасқын кесірінен 8 мал қорымын және сібір жарасынан өлген мал көмілген 14 жерді су басты, осыдан қоршаған ортаға патоген таралған болуы мүмкін. Сібір жарасының спорасы қолайсыз жағдайға ұзақ уақыт бойы төтеп бере алатындықтан (ондаған жылдар бойы), қоздырғышты үлкен аумаққа тасуы мүмкін су ағыны кейін халық денсаулығына белгілі бір қатер тудырады. Бұдан малда да, су қайтып, жер кепкенде адамда да ауру ушығуы мүмкін. 

Санитарлық-ветеринарлық қызметтерде қорымдардың орны мен көлемі туралы мәлімет бар, олар зардап шеккен аудандарда сібір жарасының алдын алу бойынша іс-қимыл тәртібін әзірлеп немесе қабылдап жатыр деп ойлаймын. Халықты және аман қалған малды сібір жарасына қарсы кең көлемде вакциналау қажет болатын шығар. Мұндай вакцина бар, тасқын ауқымын ескеретін болсақ, онымен көң көлемде қамту қажет. Өлексесі далада қалған малдың саны өте көп болуы проблеманы ушықтыра түседі, олардың қалдығын жинап, жою керек және көму керек, әйтпесе су көздерінің, топырақтың бүліну және зақымдану қаупі жоғары.

Сонымен қатар өлген жабайы жануар да өте көп, бұны ешкім ескеріп жатқан жоқ десе де болады (киіктен басқасын). Бұл жағдайдың да әкелер қатері бар, бірінші кезекте ұсақ жануарлар қырылып жатыр (кеміргіштер, жәндікқоректілер, рептилиялар, т.б.). Су басқан аудандарда су кетісімен жануарлар санының күрт кемуі байқалады. Құмтышқан, қосаяқ, тышқан, сарышұнақ секілді ұсақ аңдар көптеген биоценоз бен қорек тізбегінің негізін құрайды, омыртқасыздардың жағдайы бөлек әңгіме.

Бұл тасқынның салдары ұзаққа созылады, өйткені жауын-шашын мен температура жағдайы жануарлар популяциясына тіпті 2-3 жылдан кейін ықпал ете алатыны белгілі.

Ылғалдың мол болуынан өмір циклы суға және топырақ ылғалына тәуелді сона, маса және шіркей секілді қансорғыштар тез көбейіп кетуі мүмкін. Енді елестетіңіз, олардың табиғи асыраушылары (жабайы жануарлар) қырылып қалған жағдайда, бұл қансорғыштар үйірімен қорек іздеуге шығады, яғни мал мен адамға шабуылдайды, бұл эпизоотия мен эпидемия тудыруы мүмкін.

2. Алдағы уақытта осындай қатерлерге дайындалу үшін қандай қадам жасау керек? Қандай жүйелі өзгеріс қажет?

Менің ойымша, үкімет нақты қорытынды шығарып, қатемен жұмыс жүргізуі керек. Өңірлер осындай мол суға ауқымды болғаннан ғана емес, жүйелі проблемалардың кесірінен де дайын болмай шықты, атап айтқанда, салалық мамандар жетіспеуі (гидромелиораторлар мен инженерлерден бастап машинистерге, трактористерге дейін), гидроқұрылыстардың және сонымен байланысты инфрақұрылымның тозуы және ескіруі, сондай-ақ біз куә болған жағдайларға орай қосымша су қоймаларының, ағызу және бұру арналарының болмауы.

Менің пікірім – елдің амандығы мамандардың, агрономдардың, инженерлердің, энергетиктердің, мелиораторлардың, гидротехниктердің, жарушылардың, дәрігерлердің, тағысын тағы мамандардың болуына байланысты екенін түсінуіміз керек. Сонымен қатар бірегей тәжірибесі бар, сол жердің ерекшелігін, жер бедерін, елді мекендердің саны мен сипатын, тағы басқа маңызды мәліметтерді білетін адамдар жұмыс істеуі керек. 

Қызметтердің жарақталуы мен жұмысы тендерге байланысты болмауы керек, әйтпесе су келді (немесе басқа бір ТЖ), ал жұмыс құрал-саймандары, жанар-жағармай, жабдық жетіспейді, болмаса мүлдем жоқ, өйткені әлі тендер өтпеген. Мен, әрине, әсірелеп айтып тұрмын, бірақ мамандармен сөйлескенде бәрінен еститінім осындай проблемалар. 

3. Қандай кадрлар керек, қандай мамандар жетіспейді?

Түрлі маман керек, жоғарыда айтып өткенімдей, егер елде азық-түлік қауіпсіздігі болсын десеңіз, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, жем-шөп өндірісі, мелиорация, су ресурсын басқару саласында сауатты мамандар қажет болады. Экологиялық қауіпсіздік болсын десеңіз, эколог, биолог, химик, инженер, энергетик және техникалық саланың басқа да мамандары қажет. Бұның бәрі ғылыми-техникалық біліммен және заманауи атқарымдармен, технологиялармен күшейтілуі керек. Олай болмаған жағдайда, мұндай проблемаларды шешу олардың себебіне емес, салдарына жұмсала бермек.


Молодые художники готовят новые арт-объекты к 555-летию Чебоксар

В Ростове без изменений оставили приговор 20-летней «целительнице Марии»

Сальников, Бобылева, Крусанов: байк-фестиваль «Движение» в Екатеринбурге подготовил сюрприз для книгочеев

В Москве началось повторное отключение отопления в домах

Moscow.media

КПРФ в Мособлдуме поддержала бессрочный статус многодетных семей в Подмосковье

Наташа Королева сдалась после бойкота на телевидении — покинула Москву

Жителям Подмосковья рассказали, как согласовать границы смежных участков

Захарова высмеяла размещение флага ЛГБТ на здании МИД Эстонии

Музыкальные новости

Новости России


Москва

Шапки женские вязаные на Wildberries, 2024 — новый цвет от 392 руб. (модель 466)



Полезные советы от партнёров Russia24.pro


Все новости на сегодня

Другие новости

Частные объявления в Вашем городе




Новости от партнёров Russia24.pro


VIP

Россия, Культура, Дети: конкурс на новую эмблему обьявил Театр Ульгэр в Республике Бурятия



Все новости часа на 123ru.net
Москва

В Мексике детям депутатов прочитали «Дядю Степу»

<

>
Moscow.media <::
:: Ria.city
Новости Крыма на Sevpoisk.ru

Регионы

Новости России

Новости России


Москва

РОССИЯ И КИТАЙ: В МИРЕ ВОЗМОЖНА ГЕГЕМОНИЯ ЛИШЬ ИНТЕРЕСА НАРОДА, ЗАКОНА, ИСТИНЫ И СПРАВЕДЛИВОСТИ.


Авто в России и мире


Спорт в России и мире



Новости тенниса


ATP

Теннисист Медведев может спуститься на пятое место в ATP после "Мастерса" в Риме


Здоровье в России и мире


Экология в России и мире


Коронавирус в России


Музыкальные новости


Тимати

Бывшая пассия Тимати рассказала о замершей беременности


Власть


Россия


Rss.plus


Яндекс

Яндекс.Недвижимость: за месяц однушки в новостройках Москвы подешевели на 4,5%


Жизнь


Блоги


Развлечения


Сегодня в мире


Другие новости сегодня



Russia24.pro — вся правда о России и из России 24/7 (сегодня и сейчас).

Russia24.pro — федеральная интернет-платформа медийных ресурсов регионов России в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, гео-отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. Russia24.pro — ваши новости сегодня и сейчас в Вашем городе.

Все авторы публикаций — на SMI24.net (с комментариями 24/7) от Smi24.net (облегчённая версия международной платформы 123ru.net с учётом действующего законодательства РФ в отношении СМИ). Все новости на английском языке сегодня и сейчас — тут.

Опубликовать новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь, а также на страницах партнёрских проектов 103news.com и RSS +

Ria.city

Светские новости (слухи, сплетни, сарафанное радио, шоу-бизнес, рейтинги)



Самые свежие публикации часа



Russia24.pro — информационно-просветительский интернет-канал про всё, что происходит сегодня и сейчас и происходило когда-то (в архиве, в календарном формате) во всех регионах России (не путать с федеральным ТВ каналом "Россия 24") — новости, статьи, сообщения, реплики, высказывания, комментарии из самых дальних уголков страны, конкретных регионов, городов, сёл и деревень от конкретных источников в текущее время с ежеминутно авторизованным обновлением контента (тексты, фото, видео) на основе уникальной авторской технологии обработки большого количества данных в единицу времени (в настоящее время, это — более чем 20 000 источников публикаций ежедневно со всего мира и, практически на всех популярных языках планеты) в формате онлайн. Russian24.pro — всегда свежие новости без купюр и модерации на канале Россия24.про, а также глобальных дочерних гео и тематических проектах News-Life.pro, News24.pro, BigPot.News и старейшей базовой платформе новостей 123ru.net, а так же её сателлитах. Мы — дорожим Вашим временем и каждым мнением и никогда не навязываем своего видения событий. Точка зрения редакции не всегда совпадает с толкованием авторов и текстами опубликованных новостей и статей. Спасибо, что сейчас Вы — с нами и в мире. Бесплатная публикация новостей доступна в любом городе и регионе на любом языке (определяется автоматически) по ссылке и — внизу каждой страницы.


News Every Day

Glen Powell’s parents crash Texas movie screening to troll him


Game24.pro